{metadescription}
«Қазақмыстағы» жұмысшылар өлімі: Оқиға орнына комиссия аттанды

«Қазақмыстағы» жұмысшылар өлімі: Оқиға орнына комиссия аттанды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жайсан» кенішінде орын алған жазатайым оқиғаны тексеру барысын жеке бақылауына алды.

Қазір кеніш орнына әкімдікте арнайы құрылған комиссия аттанып кетті, деп хабарлайды Kazinform.

Облыс әкімдігі Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы Жарылқасын Айтақов бастаған комиссия құрамында ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның өкілдері бар.

Қазіргі таңда Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков оқиға орнында жүр.

Еске салайық, бүгін «Қазақмыс» компаниясының Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ.Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылы туған жұмысшылары ауыр жарақат алып, көз жұмды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде