{metadescription}
Қазақстандағы тағы бір компания мұнай өндіру көлемін азайтты

Қазақстандағы тағы бір компания мұнай өндіру көлемін азайтты

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнын игеріп жатқан NCOC компаниясы мұнай өндіруді 38 пайызға төмендетті. Бұған Каспий құбыр желісі консорциумының мұнай жөнелтуді тоқтата тұруға байланысты шешімі әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Kazinform.

ENERGY MONITOR телеграм каналының мәліметіне қарағанда, кеше NCOC компаниясы мұнай өндіруді 54 мың тоннадан 33 мың тоннаға дейін төмендеткен. 

«Тағы бір ірі қазақстандық компания Каспий құбыр консорциумы (КҚК) ауа-райының нашарлауына байланысты Новороссийск портына мұнай жөнелтуді тоқтата тұруына байланысты мұнай өндіруді шектеді. Кеше NCOC компаниясы мұнай өндіруді 38%-ға, 54 мың тоннадан 33 мың тоннаға дейін төмендетті. ТШО компаниясы 26 қарашада өндірісті 50%-ға, 28 қарашада тағы 10%-ға азайтты», - деп хабарлады ENERGY MONITOR. 

Бұған дейін Энергетика министрінің кеңесшісі еліміздің ірі кен орындарында мұнай өндіру көлемі 56 пайызға қысқарғанын айтқан еді. 

«Қазіргі сәтте еліміздің ірі кен орындарында мұнай өндіру көлемі 56 пайызға төмендеді. Энергетика министрлігінде қандай кезеңде жағдайдың тұрақталатынына қатысты мәлімет жоқ. Таяу келешекте мұнай өндіру көлемінің төмендеуі мен түзетілуі ағымдағы деңгейде қалады», - деді Энергетика министрінің кеңесшісі Шыңғыс Ілиясов. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде