{metadescription}
Алапат өрт шыққан Алматыдағы жатақхана тұрғындары мектепке орналастырылды

Алапат өрт шыққан Алматыдағы жатақхана тұрғындары мектепке орналастырылды

Алматыда өртке оранған хостелден 59 адам эвакуацияланып, 56-сы жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазір 56 адам жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды. Ыстық тамақ берілді, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі. Бір сағат ішінде ауданның қонақ үйлеріне орналастырылады», – деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Еске салайық, бүгін мегаполисте хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты. Дәрігерлер өрттен зардап шеккен 2 адамға көмек көрсетті. Олар ауруханаға жеткізіліп, кейін амбулаторлық ем қабылдау үшін үйлеріне жіберілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде