Таразда 25 жастағы жігіт үйіңді жөндеп берем деп тұрғындардың 13 млн теңгесін қалтасына басқан
Тараз қалалық полиция басқармасына облыс орталығының бiрнеше тұрғыны арызданған, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: zakon.kz
09:03 30.11.2023
Тұрғындардың айтуынша, құрылыс компаниясының директоры үйлерiне жөндеу жұмысын жасаймын деп жалпы көлемі 13 млн 620 мың теңгесін алдап иемденіп кеткен.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлiгi 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бапқа сәйкес, күдіктіге бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшiн мүлкi тәркiленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің релизінде.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмысының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар 25 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстады. Ер адам кiнәсін толық мойындап, қамауға алынды.
Сондай-ақ, күдіктінiң осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!