Автобус пен пойыз соқтығысып, 13 адам көз жұмды
Сәрсенбі күні таңертең Танзанияның орталық бөлігіндегі Сингида облысында автобустың локомотивке соғылуы салдарынан кем дегенде 13 адам қаза тапты, тағы 25-і зардап шекті.
Фото: theeastafrican.co.ke
09:41 30.11.2023
«Қаза тапқандар саны артуы мүмкін, себебі зардап шеккен 25 адамның көбінің жағдайы өте ауыр», - деп мәлімдеді аймақтың полиция басшысы Стелла Мутахибирва.
Дар-эс-Саламнан Мванзаға жол жүріп келе жатқан автобустың ішінде 57 жолаушы болған. Автобус пен локомотив теміржол өткелінде жергілікті уақыт бойынша сағат 05:00-де соқтығысты.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!