{metadescription}
Заңсыз аванс аударған: Жамбыл облысында балалар мекемесінің бухгалтері сотталды

Заңсыз аванс аударған: Жамбыл облысында балалар мекемесінің бухгалтері сотталды

Шу ауданында бухгалтер Балалар мен жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығының қызметкерлеріне 3 жыл бойы заңсыз аванс аударып келген, деп хабарлайды Кazinform.

Бухгалтердің қылмыстық әрекетін Шу ауданының прокурорлары анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу) 2023 жылғы 1 тамызда тіркелді. Тергеуді жүргізу Жамбыл облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылған.

«Мемлекетке келтірілген залал 9,9 млн теңгеден асты, ол тергеу барысында өтелді. 2023 жылғы 9 қарашада Шу аудандық сотының үкімімен орталықтың бухгалтері 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салумен 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген Жамбыл облысының прокуратурасы ұсынған мәліметте.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде