Басына құбыр құлады: Ақмола облысында жұмысшының өліміне байланысты іс қозғалды
Ақмола облысының Целиноград ауданында жұмысшының өліміне байланысы іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: pixabay.com
11:40 30.11.2023
ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 қарашада Целиноград аудандық ПБ кезекші бөліміне астаналық ауруханаға жеткізілген 34 жастағы ер адамның қайтыс болғаны туралы хабарланған.
Анықталғандай, ер адам инженерлік нысандар құрылысымен айналысатын кәсіпорын жұмысшысы. Құбыр желілерін монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның басына диаметрі 280 сантиметр, ұзындығы 13 метр пластикалық құбыр құлаған.
«Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан тексеріс жүргізіліп жатыр», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында абайсызда құлап көз жұмған жұмысшының өліміне байланысты іс қозғалғанын жазған едік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!