Шымкентте тергеу изоляторында отырған 29 жастағы күдікті қайтыс болды
Шымкентте тергеу изоляторында отырған 29 жастағы күдікті қайтыс болды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: almaty.tv
12:53 30.11.2023
29 жастағы ер адамға ҚР ҚК 262, 287, 307 және 194-баптарында көзделген бірқатар қылмыс жасады деген айып тағылған болатын. 14 қараша күні ол науқастанғандықтан «Т.Орынбаев» атындағы гипербариялық оксигенация орталығының жан сақтау бөліміне жатқызылған. Ал 22 қараша күні сағат 20.35-те жүргізілген ем нәтижесіне қарамастан қайтыс болды. Басты себеп – жедел жүрек-қан тамыр және тыныс жетіспеушілігі мен мидың ісінуі.
«Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мүддесіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды,» - делінген Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД тарапынан ұсынылған ақпаратта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!