{metadescription}
Жандос Өмірәлиев өрт шыққан хостелдің жертөледе болғаны туралы: Бұл заңға сәйкес келмейді

Жандос Өмірәлиев өрт шыққан хостелдің жертөледе болғаны туралы: Бұл заңға сәйкес келмейді

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Алматыдағы өрт шыққан хостелдің жертөледе болғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform

«Ғимараттың бірінші қабатында және астыңғы қабатында (цокольный этаж) адамдар тұрған деген ақпарат тарап жатыр. Әрине, бұл заңға сәйкес келмейді. Себебі заңда тұрғын үй және тұрғын үй емес деген норма бар. Тұрғын үй емес ғимараттардың қолдану мақсатын ауыстыру керек. Бірақ біздің ақпаратымызша, ғимарат әкімшілігі тарапынан ауыстырылмаған. Сондықтан ғимараттың астындағы қабаттағы адамдардың тұруы менің ойымша заңға қайшы келеді», - деді Жандос Өмірәлиев.

Сондай-ақ ол өрттен қайтыс болған марқұмдардың жақындарына көңіл айтты.

«Алматыда болған өрт – өте ауыр жағдай. Біріншіден, мен (өрттен) қаза болған азаматтардың жақындары мен туысқандарына көңіл айтқым келеді. Өздеріңіз білесіздер, бүгін түнгі сағат 5.45-те (Алматы қаласы ТЖД-ға) өрт туралы хабарлама түсті. Бір сағаттың ішінде өрт сөндірушілер (хостелдегі) өртті сөндірді. Дегенмен 13 адам қайтыс болды. Бұл дерек бойынша Ішкі істер органдары қылмыстық іс қозғады. Бұл қылмыстық істің сапалы, жан-жақты тергелуі қамтамасыз ету үшін Бас прокурор тиісті үкім шығарды. Оның тапсырмасына сәйкес Бас прокуратураның білікті қызметкерлері, сондай-ақ Алматы қаласының прокуратурасының қызметкерлері тергеу тобымен бірге барлық күш-жігерімізді салып, қысқа уақытта жауапкершілікпен қарау мәселесін қарастырамыз», - деді Бас прокурордың орынбасары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде