Алматыда өртенген хостелдің иелері анықталды
Алматыда өртенген хостелдің иелерінің кім екені анықталды.
Фото: Алматы әкімдігі
19:10 30.11.2023
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Айбат Мырзамадиев айтты, деп хабарлайды Kazinform.
«Бұл тұлғалардың кім екені белгілі. Қазір уақытта олардың орналасқан жерін анықтау іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Әзірге олардан ешкім жауап алып жатқан жоқ. Қазір біз барлық құжаттарды көтеріп жатырмыз», - деді Айбат Мырзамадиев.
Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғалар анықталатынын айтты.
«Қазір қолда бар құжаттарды зерттейтін боламыз. Арнайы өрт-техникалық зертханалар тексерулер жүргізеді. Осыдан кейін жауапты лауазымды тұлғалар анықталып, кейін қылмыстық іс қозғалатын болады», - деді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!