{metadescription}
ШҚО-да жоғалып кеткен кейуананың денесі табылды

ШҚО-да жоғалып кеткен кейуананың денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында үйден шығып кетіп, жарты айдан астам уақыт бойы хабар-ошарсыз жоғалған зейнеткердің денесі табылды, деп хабарлайды Kazinform.

Глубокое ауданы Белоусовка кентінде тұратын Купсюк Вера Григорьевна 10 қараша күні үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Алайда оның жоғалғаны туралы хабар полиция қызметкерлеріне тек 26 қарашада түсті.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларына шұғыл кіріскен болатын. Сондай-ақ іздестіруге еріктілер де жұмылдырылған.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, бүгін 74 жастағы кейуананың денесі табылды. Алайда оның нақты неден көз жұмғаны тек сараптамадан кейін ғана белгілі болмақ. Мәйіттің қайдан табылғаны туралы да ақпарат берілмеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде