Қызылордада екі жасөспірімді өткір затпен жарақаттаған күдікті қолға түсті
Қызылорда қаласында екі жасөспірімге өткір затпен дене жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Polisia.kz
08:06 01.12.2023
Облыс орталығындағы Ы.Жақаев көшесінде бейтаныс азаматтар кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге келіп, өзара жанжалдасып қалған. Оның бірі екі жасөспірімге өткір затпен дене жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленушілерге медициналық көмек көрсетілді. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы күдіктінің жеке басын анықтады.
«Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде бұрын соттылығы бар 19 жастағы азамат ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігіне (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Аталған бап бойынша күдіктіге қатысты үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазасы көзделген.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жоқ көліктерді сатқан 27 жастағы әйел ұсталған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!