{metadescription}
«Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа»: Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы жарыққа шықты

«Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа»: Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы жарыққа шықты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті өзінің өмірі жайлы кітап жазды.

«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабы жарыққа шықты», - деп жазды Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

«Бұл кітап оқырманды тәуелсіз Қазақстанның тарихына жаңа қырынан үңілуге, азаттықтың алғашқы жылдарында ел тізгінін ұстаған тұлғаның көзімен қарауға жетелейді.

Автор тікелей бел ортасында болған тарихи оқиғалар көрініс тапқан туындыда Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өмір жолымен қатар, еліміздің қалыптасуы және даму кезеңдері туралы естеліктерімен бөлісті. Аса маңызды саяси оқиғалар, ауқымды экономикалық жаңғырулар, күрделі халықаралық  келіссөздер, ел басқарған кезде қабылдаған стратегиялық шешімдер туралы баяндады.

Жеке сырын ағынан жарылып айтуы, қаңтар оқиғасына қатысты пайымдауларын ортаға салуы Тұңғыш Президенттің бұл кітабының салмағын арттыра түседі. «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» – халқының азаттық туралы сан ғасырлық асыл мұратын ақиқатқа айналдырған көшбасшының жан сыры», - делінген хабарламада. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде