{metadescription}
Елордада сот орындаушы жерді заңсыз сатуға көмектескен

Елордада сот орындаушы жерді заңсыз сатуға көмектескен

Елордада сот орындаушы жерді заңсыз сатуға көмектескен

Фото: freepik.com

Астанада сот орындаушы жерді заңсыз сатуға көмектескен. Кazinform бұл туралы қала прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Борышкер мемлекет алдындағы міндеттемеден жалтару мақсатында жеке сот орындаушының көмегімен жер телімін заңсыз иеліктен шығарған.

Прокурордың талап-арызы бойынша жер учаскесін сатып алу-сату шарты сотпен жарамсыз деп танылып, 60 млн теңге көлемінде мемлекет мүддесі қорғалды», - делінген мәліметте.

Прокурорлар қадағалау актісін енгізіп, нәтижесінде мүліктен аресті алу және мүлікті беру туралы сот орындаушының заңсыз қаулыларының күші жойылған. Ол жауапкершілікке тартылды.

Пайдаланылмай жатқан жер учаскесі сот шешімімен мемлекет пайдасына алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде