{metadescription}
Ақмола облысындағы мектептерде заңбұзушылық анықталды

Ақмола облысындағы мектептерде заңбұзушылық анықталды

Ақмола облысының прокуратурасы облыс мектептерінде кешенді тексеріс жүргізіп жатыр.

Тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтың беті ашылды, деп хабарлайды Kazinform. Прокуратураның мәліметінше, тексеріс басталғаннан бері санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың, қауіпсіздік және құрылыс тәрізді көптеген салада 200-ден астам заң бұзушылық анықталды.

Мектептерде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапқа тартылған тұлғалар жұмысқа орналастырылған. Ауыл мектептерінің бірінде жертөледе оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жауынгерлік қару-жарақпен оқу-жаттығуы өткізілген. 

Жоғары сынып оқушыларының кіші сыныптарға қатысты қорқыту деректері анықталды, ол балалар есепке алынды. 40 мектепте педагогтардың біліктілігі талапқа сәйкес келмейтіні анықталды. Бірқатар мектептерде жалақы жұмысқа жалған орналастырылған жұмысшыларға аударылған, олардың ақшасын мектеп әкімшілігі алып отырған.

Мысалы, қалалық мектептердің біріне директордың орынбасарының туысы ресми түрде жұмысқа орналастырылған. Ал директордың орынбасары оның жалақысын ай сайын алып отырған.

«Бүгінгі таңда білім беру салсында қадағалау актілері бойынша 41 тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылды. Жымқыру, құжаттарды қолдан жасау және басқа да деректер бойынша 19 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тексеру жалғасып жатыр», - деді ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде