{metadescription}
Түркістан облысында білім саласының қызметкерлері 2,6 млрд теңге жымқырды

Түркістан облысында білім саласының қызметкерлері 2,6 млрд теңге жымқырды

Түркістан облысында білім беру саласының қызметкерлері 2 млрд теңгеден астам сома жымқырды деп күдіктелуде, деп хабарлайды Кazinform.

«Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шардара және Сарыағаш аудандарының білім бөлімдерінің бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Олар бюджет қаражатын аса ірі көлемде жүйелі негізде жымқырып келді деп күдіктелуде.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті тұлғалар 2020-2023 жылдар аралығында білім беру саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың шоттарына ақша қаражатын аудару, сондай-ақ мектеп қызметкерлеріне жоғары жалақы есептеу арқылы шамамен 2,6 млрд теңге сома жымқырған. Қазіргі уақытта Түркістан облысының білім беру саласында 17 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр, олардың 4-і қамауға алынды.

Залалды өтеу мақсатында 39 жылжымайтын мүлік, 44 автомашина, зергерлік бұйымдар және қылмыстық істер бойынша айыпталушылардың ақшалай қаражаттары бұғатталды», - делінген мәліметте.

Антикор ақпаратына сүйенсек, сонымен қатар тергеу барысында Түркістан облысының Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы әшкереленді. Ол Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудит барысында анықталған жымқыру фактілерін пайдакүнемдік ниетпен жасырған.

Сондай-ақ Жетісу облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында 2,5 жыл ішінде 4,4 млрд теңге жымқырған қалалық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қылмыстық топқа басшы мен оның қарамағындағылар, сондай-ақ орта мектеп бухгалтері кірді. Барлығы – 13 адам.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді. Жемқорлыққа қарсы агенттік білім беру саласындағы қылмыстық схемалар бұған дейін Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Ақтөбе, Алматы және Жетісу облыстарында ашылғанын еске салып өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.