Маңғыстауда арқар атқан браконьерлер ұсталды
Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енгізілген арқарды атқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Өңірлік коммуникация орталығынан
16:10 01.12.2023
29 қарашада Қызылсай табиғи паркі мен «Жабайұшқан» мемлекеттік табиғи қаумалының мамандары Бөрібас жерінде кезекті рейд жүргізген. Іс-шара барысында Nissan Patrol автокөлігімен Жаңаөзен қаласының тұрғындары ұсталған.
"Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан Қызыл Кітапқа енген бір арқар табылды. Сондай-ақ 26 оғымен 1 аңшы мылтығы және 2 аңшы пышағы тәркіленді", - деді «Жабайұшқан» мемлекеттік табиғи қаумалының басшысы Жұлдызбек Есенғалиев.
Аталған дерек Маңғыстау аудандық Полиция бөліміне хабарланып, тіркелген.
"Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деп мәлім етті Маңғыстау аудандық полиция бөлімінен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!