{metadescription}
Берік Әшірбеков Шымкенттегі Тұран ауданына әкім болды

Берік Әшірбеков Шымкенттегі Тұран ауданына әкім болды

Шымкенттегі Тұран ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

Бүгін сегізінші шақырылымдағы Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясы өтті. Күн тәртібінде «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес Тұран ауданының әкімін тағайындау мәселесі қаралды. Мәслихат депутаттары аталған лауазымға Берік Айдарұлы Әшірбековтің кандидатурасын бір ауыздан қолдады.

Берік Айдарұлы Әшірбеков 1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында туған.

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетін және Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Мамандығы: жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау және құқықтану.

Еңбек жолын 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық жер кадастр бюросының технигі, жерге орналастырушысы болып бастады.

Кейіннен Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық жер кадастры филиалының директорының міндетін атқарушы, Астана қаласының жер кадастры бойынша ғылыми өндірістік орталығы мемлекеттік жер кадастры орталығының өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы жер учаскелерін рәсімдеу бөлімінің бастығы, Петропавл қалалық «Жер кадастры бойынша ғылыми өндірістік орталығының» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары болып еңбек етті. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облыстық «Жер кадастры бойынша ғылыми өндірістік орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының директоры орынбасарының міндетін атқарушы, Шымкент қаласы жер қатынастары бөлімінің өндірістік секторының меңгерушісі, Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасының басшысы, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары, кейіннен басқарма басшысы болды.

«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы» АҚ басқарма төрағасы, Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде