{metadescription}
Қазақстанда 42 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда 42 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер Қазақстанда 7-9 желтоқсанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Метеорологтар мәліметінше, республиканың басым бөлігінде суық солтүстік-батыс антициклоны әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі. Қазақстанның шығыс және оңтүстік облыстарында ғана жауын-шашын сақталады (жаңбыр, қар).

"Түнде ауа температурасы батыста 10-20 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38 градусқа дейін, республиканың қиыр солтүстігінде 42 градусқа дейін, орталықта және шығыста 28-33 градус аяз, оңтүстік аймақтарда 5-13 градус аяз. Республиканың барлық аумағында тұман түсіп, елдің оңтүстік жартысында желдің күшеюі күтіледі", - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.