1 қаңтардан бастап жалақының ең төменгі мөлшерi өзгереді
Келер жылдан бастап елімізде жалақының ең төмен мөлшерi, сонымен қатар мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері мен зейнетақының ең төмен мөлшерi өзгереді, деп хабарлайды Kazinform.
13:59 06.12.2023
2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңның мәтіні «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.
Аталған заңның 9-бабында жалақының жаңа жүйесі туралы айтылған. Яғни 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төмен мөлшерi өзгереді:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 85 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен
мөлшері – 28 215 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 57 853 теңге;
4) айлық есептiк көрсеткiш – 3 692 теңге;
5) базалық əлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 43 407 теңге болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!