Биткоин бағасы 44 мың долларға дейін көтерілді
Сейсенбі күні әлемдегі ең ірі криптовалюта Bitcoin бағасы 44 083 долларға көтеріліп, соңғы бір жарым жылдағы ең жоғары деңгейге жетті.
14:26 06.12.2023
FTX құлдырап, крипто бизнесіндегі басқа сәтсіздіктерден кейін өткен жылдың қазан айында Bitcoin бағасы қарқынды көтеріле бастады. Бұған АҚШ-та пайыздық мөлшерлемелердің төмендейтіні туралы болжам және ETF спот биржалық қорды мақұлдау туралы жаңалықтар негіз болған.
Биткоин бағасының өсуіне орай басқа криптовалютамен байланысты компаниялардың, сондай-ақ биржалық сауда қорларының (ETF) акциялары өсті.
«Биткоиннің «керемет өсімін» факторлар жиынтығымен түсіндіруге болады», - деп хабарлады Deribit коммерциялық директоры Люк Страйерс.
Ол АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы (SEC) жақын арада миллиондаған инвесторлар үшін Bitcoin нарығын ашатын спот биржалық қорын ETF мақұлдауы мүмкін деген оптимистік болжам айтты. Ол сондай-ақ орталық банктердің тәуекелді активтерді тартымды ете отырып, мөлшерлемелерді төмендетуге кірісуіне әкелетін инфляцияның төмендеуін атап өтті.
Тәуекел инвестициялары және алтын сияқты пайыздық мөлшерлемеге сезімтал басқа активтер де соңғы апталарда өсті. Бұған нарықтардың АҚШ Федералды қор жүйесі мөлшерлемесінің көтерілуін аяқтап, 2024 жылдың басында қысқарта бастайды деген болжам негіз болды.
«Инвесторлар SEC өтініш беру мерзімдері мен SEC түсініктемелеріне негізделген Spot bitcoin ETF cпот биржалық қорларын қаңтар айында бекіте алатынына сенімді», - деп жазды зерттеуші Маттео Греко.
Инвесторлар сондай-ақ әлемдегі ең ірі криптовалюта биржасы және криптовалюта нарығындағы негізгі ойыншы Binance-ке қатысты АҚШ-тың көпжылдық қылмыстық тергеудің аяқталуын құптады.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!