{metadescription}
Президент Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуетімен танысты

Президент Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуетімен танысты

Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Президентке аймақ басшысы Асхат Шахаров өңірдің экономикалық әлеуеті мен перспективті инвестициялық жобалары туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорда. 

Облыс әкімінің айтуынша, биылғы 10 айда өңір экономикасына 804,4 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,2 пайызға көп. Салынған қаржының негізгі бөлігі, яғни 725,5 млрд теңге жеке инвесторларға тиесілі. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібіне 62,6 млрд теңге, металл кенін игеруге 145,6 млрд теңге құйылған.

Биыл жалпы сомасы 57,2 млрд теңге болатын 19 ірі жобаны іске қосу жоспарланған. Барлық инвестициялық жоба үшін жасыл дәліз қағидаты енгізілген.

Бірқатар инфрақұрылымдық жоба әзірленгені туралы мәлімет берді. Қазір Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын автожолының жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр.

Ақтөбеде кәріз жүйесін тазарту қондырғысын салу жөніндегі жобаны таныстырды. Құны 53,5 млрд теңге болатын жобаны іске асыру үшін Еуропалық қайта құру және даму банкінен қаржы тартылмақ.

Ақтөбе қаласына «Бұхара — Орал» магистральды газ құбырынан үшінші желіні тарту жұмыстары жөнінде баяндады. Жобаның жүзеге асырылуы қолданыстағы газ құбырларының жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде