{metadescription}
Атырауда букмекерлік кеңсені тонаған 25 жастағы жігіт қамауға алынды

Атырауда букмекерлік кеңсені тонаған 25 жастағы жігіт қамауға алынды

Атырауда 25 жастағы жігіт букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасау күдігігімен ұсталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды Kazinform.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, қарақшылық шабуыл 3 желтоқсанда болған. 

«Күдікті таңертеңгі сағат 08:55 шамасында букмекерлік кеңсе бетперде киіп кірген. Кеңсе қызметкерін ас үй пышағымен қорқытқан. Сөйтіп, күдікті букмекерлік мекемеден 143 мың 780 теңгені алып, оқиға орнынан бой тасалап, қашып кеткен», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Полиция қызметкерлері күдікті ретінде Атырау қаласының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігімен (Қарақшылық) қылмыстық іс қозғалды. Тергеп-тексеру жүріп жатыр. Қазір ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.