{metadescription}
Алматы әуежайының жаңа терминалы келесі жылдың жазында ашылады

Алматы әуежайының жаңа терминалы келесі жылдың жазында ашылады

Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі уақытта жұмыстардың 80 пайызы аяқталды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесу кезінде «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Алып Ер Тұнға Ерсой айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы әкімдігінен хабарлағандай, қала әкіміне Алматы халықаралық әуежайы мен оған іргелес аумақтың көлік инфрақұрылымын дамытудың 2050 жылға дейінгі перспективасы жайлы шебер жоспар таныстырылды. Құжат Алматының Бас жоспарымен үйлестірілген еді. 

Шебер жоспардың бірінші кезеңі жаңа жолаушылар терминалын салуды және қолданыстағы терминалды жаңғыртуды көздейді. Бүгінгі таңда ұшаққа шығатын жолдар кеңейтілді, қосымша ауа баптау жүйесі енгізілді, жайлы жаңа автобустар сатып алынды. Құжатқа сәйкес басқа кезеңдер аясында халықаралық бағыттардың санын көбейту, жаңа ғимараттар салу, автотұрақ аймағын кеңейту және т. б. жоспарланып отыр. 

«Құрылыс жұмыстары барлық бағыт бойынша толығымен жүріп жатыр. Жаңа жолаушылар терминалы 80%-ға дайын, жалпы мақсаттағы авиация ғимаратының құрылысы аяқталды, эстакаданы, ұшу-қону жолағын және вокзал маңы аумағын қайта жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр», - деді Алып Ер Тұнға Ерсой.

Ол әуе айлағының қазіргі көрсеткіштерін айта келе, жүк тасымалының өсіп отырғанын сөз етіп, жыл соңына дейін 9 миллионыншы жолаушы тіркеледі деген болжам жасады.

Алматы әкімі Ерболат Досаев жолаушылар санының едәуір артуына байланысты құрылыс жұмыстарын жеделдетудің маңызына назар аударды. «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті қала басшысына жұмыстың жоғары қарқынын ескеріп, жаңа терминалды іске қосу жазғы маусымның басында, демалыс кезеңіне дейін жүзеге асырылатынын баяндады.

Айта кетейік, жаңа халықаралық жолаушылар терминалының ауданы - 53,500 шаршы метр. Жаңа терминалды іске қосу әуежайдың өткізу қабілетін жылына 7 млн-нан 14 млн адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде