{metadescription}
Гүлназ Сисенова Ақтөбе облыстық әлеуметтік бағдарламалар басқармасына басшы болды

Гүлназ Сисенова Ақтөбе облыстық әлеуметтік бағдарламалар басқармасына басшы болды

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болған Гүлназ Сисенова енді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына басшылық етеді, деп хабарлайды Kazinform.

Бүгін Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына Гүлназ Сағынқызы Сисенова тағайындалды.

Айта кетейік, Гүлназ Сисенова 1981 жылы Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Ақтөбе қаржы-экономика колледжін, 2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдаған.

"Еңбек жолын 2001 жылы Алға ауданы бойынша салық комитетінің салық инспекторы болып бастаған. 2003 – 2016 жылдары Ақтөбе облыстық қаржы басқармасының жетекші маманынан бастап, басқарма басшысының орынбасары, кейін басқарма басшысына дейін көтерілген. 2016 – 2019 жылдары Алға ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы болып қызмет еткен. 2019 жылдың шілде айынан бастап Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді", - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде