{metadescription}
«Астана-Теплотранзит» қызметтер тарифін көтеруді ұсынды

«Астана-Теплотранзит» қызметтер тарифін көтеруді ұсынды

Елордалықтар «Астана-Теплотранзит» АҚ енгізгелі отырған өзгерістерді талқылады, деп хабарлайды Kazinform.

«Астана-Теплотранзит» АҚ-ның қолданыстағы тарифі мен тарифтік сметасы 2023 жылғы 1 шілде де қолданысқа енгізілді. Бекітілген тарифті өзгерту үшін субъект уәкілетті органға өтінім береді. «Астана-Теплотранзит» АҚ тарифті көтеруге негіз ретінде мынадай деректерді келтіреді:

- 1,33 млрд теңге сомасына қосымша инвестициялар;

- стратегиялық тауарлардың құнын 567,8 млн теңге сомасына ұлғайту (шығындар);

- электр энергиясына жұмсалатын шығыстарды 562 млн теңгеге ұлғайту;

- Бір жыл ішінде статистика деректері бойынша қалыптасқан өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір қызметкердің орташа айлық жалақысының 2,5 млрд теңге сомасына өзгеруі;

- ЖАО-дан реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың технологиялық циклінде пайдаланылатын объектілерді теңгерімге алу (теңгерімге берілген 183,7 км жылу желілерін ұстауға);

Субъектінің жобасына сәйкес, жоғарыда көрсетілген негіздер тарифтің 25,2% - ға ұлғаюына әсер етеді (ҚҚС-сыз орташа тарифтің 1 466,83 теңге/Гкал-дан өзгеруі). 1 836 теңгеге дейін / Гкал)

«Сіздерден тарифті 25% ұлғайтуды сұраймыз, бұл ақшалай түрде 1 836 теңге», - деді «Астана-Теплотранзит» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсет Шәмкенов.

Оның айтуынша, тарифті көтеру нормативтік техникалық шығындарды 0,1% өтеуге, білікті кадрларды сақтап қалуға мүмкіндік береді. Табиғи монополиялар саласында сапалы қызметтер көрсетуге әсер етуі тиіс.

Түпкілікті шешім табиғи монополиялар туралы заңнама аясында қабылданады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде