{metadescription}
Алматыда қараусыз қалған жануарларды аулайтын бригадалар саны көбейеді - Берік Солтанбаев

Алматыда қараусыз қалған жануарларды аулайтын бригадалар саны көбейеді - Берік Солтанбаев

Келесі жылдан бастап Алматыда бұралқы жануарларды аулау үшін әр аудан әкімдігі тарапынан қосымша бригадалар бөлінеді.

Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясында Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Спикердің сөзінше, бұралқы жануарларды аулау жұмыстарының жеделдігін арттыру үшін биыл қалалық ветеринариялық қызмет штаты 22 бірлікке ұлғайған және аулау қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға артқан. Арнайы техниканың 12 бірлігін жеткізуге келісімшартқа қол қойылды, бұл бригадалар санын 2,6 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Аулау тиімділігін арттыру үшін келесі жылдан бастап аудан әкімдеріне 2 бригададан бекітіледі. 

Қала әкімі Ерболат Досаев мегаполисте қараусыз қалған үй жануарларының көбейіп келе жатқанын айтты. 

«Бұралқы жануарлардың санын реттеуді ізгілендіру мақсатында біз оларды аулаймыз, екпе егеміз, чиптейміз, бірақ, иттерді қайтадан жібере салуға мәжбүрміз. Себебі, қалада бар арнайы қабылдағыштардың санын ескерсек, бізде барлық итті ұстауға мүмкіндік жоқ. Мен еріктілерге, бұралқы жануарларды күтуге, оларды жаңа отбасыларына қосуға көмектесетін адамдарға алғыс айтқым келеді. Алдағы жылы аулаумен жұмысты жақсарту және қараусыз қалған жануарлармен мәселені шешу үшін қосымша шаралар қабылдау қажет», - деп атап өтті Ерболат Досаев. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде