{metadescription}
Майшам зауытынан өрт шығып, 7 адам қаза тапты

Майшам зауытынан өрт шығып, 7 адам қаза тапты

Жұма күні Үндістанның батысындағы Махараштра штатында жойқын өрт салдарынан кемінде жеті адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алды.

Өрт жұма күні кешке Махараштра штатының астанасы Мумбайдан оңтүстік-шығысқа қарай 140 шақырым жерде орналасқан Пуна округінің Пимпри-Чинчвад аймағындағы шам зауытынан шықты.

Қаза болғандардың барлығының тұлғалары анықталды, олардың көбі әйелдер.

Фабрика ішіндегі жанғыш материалдар жағдайды ушықтырды, өрт сөндірушілер жалынды өшіруге бір сағаттан астам уақыт сағат қажет болды.

Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз.

Үндістандық зауыттар жиі өрт қаупіне ұшырайды, өйткені онда тиісті қауіпсіздік нормалары көбіне еленбейді.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде