{metadescription}
Павлодарда жоғалып кеткен оқушы қыз екі күннен кейін табылды

Павлодарда жоғалып кеткен оқушы қыз екі күннен кейін табылды

2010 жылы туған жеткіншек аман-есен табылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Кеше басталған іздеу іс-шаралары таңғы төртке дейін жалғасты. Даша соңғы рет құрбысына қоңырау шалған барлық аумақ тексерілді. Қыз табылды, – деп жазды «VITA» еріктілері. 

Еске сала кетейік, облыс полициясының нарядтары, еріктілер № 5 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Дарья Шандрукты іздестірген болатын.

8 желтоқсанда полиция басқармасының кезекші бөліміне анасымен болған жанжалдан кейін сағат 23:00 шамасында жасөспірімнің үйден кетіп қалғандығы туралы хабарлама түскені анықталды.

Анасының айтуынша, ол бұрын да үйден кетіп қалып жүрген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде