Алматыдағы бокс кеші: Қытайдан келген қандасымыз қарсыласын нокаутпен ұтты
Алматыда өткен бокс кешінде қытайдан келген қандасымыз Елшат Нығметолла (17-0-1, 5 КО) қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутпен ұтты.
Фото: prosports.kz
08:42 11.12.2023
Нығметолла Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен бокс кешінде үнділік боксшы Сандип Кумармен (12-3-1, 8 КО) қолғап түйістірді. Жекпе-жек екінші жеңіл салмақ дәрежесінде өтті. Нәтижесінде алты раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, Елшат Нығметолла Қытайдың Алтай аймағы, Қаба ауданында 1994 жылы дүниеге келген. Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Исламның ауылдасы.
Ол қытайда «Қазақ жауынгері» деген лақап атпен танылған. 2014 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, 2016 жылы WBO тұжырымы бойынша Қытай чемпионы, 2018 жылы WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!