Маңғыстауда ересек адам мен екі бала от шашудан зардап шекті
Маңғыстау облысында от шашудан үш адам зардап шекті. Оның біреуі — ересек адам, екеуі - бала.
Фото: Информационная служба Джизакского областного УВД
10:19 02.01.2024
Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
«Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы жаңа жыл түнінде 1216 шақыртуға қызмет көрсеткен. Дәрігерлер мен фельдшерлердің жұмысы екі есеге артқан. Оның ішінде 7 жол-көлік оқиғасы және 2 пышақ жарақаты болған. От шашудан 3 адам жарақат алған. Оның біреуі - ересек адам, екеуі - кішкентай бала», - делінген баспасөз мәліметінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!