Талдықорғанда жаппай төбелескен үш адам қамауға алынды
Талдықорғанда полицейлер қалалық дәмханалардың бірінде бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
14:27 02.01.2024
Полицияға қала орталығындағы дәмханада топтық төбелес болғаны туралы хабар түскен.
"Оқиға орнына келген полицейлер қақтығысқа қатысушыларды қалалық әкімшілікке жеткізді. Оқиға ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігінде көзделген факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысын бастап, Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексі (адамдар тобында жасалған бұзақылық) деп тіркелді", - делінген хабарламада.
Кафе әкімшілігі полицияға ресми мәлімдеме жасап хабарласты. Төбелеске қатысқан үш азамат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Қылмыстық іс ерекше бақылауға алынды. Тергеу барысында іске қатысушы әр тұлғаның әрекетіне тиісті баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сай процессуалдық шешім қабылданады", - деді облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Саданов.
1 қаңтарда келушілер жаппай төбелесіп, Талдықорғанда дәмхананы шулатты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!