{metadescription}
Атырау облысында жол апатынан жүргізуші мен жолаушы мерт болды

Атырау облысында жол апатынан жүргізуші мен жолаушы мерт болды

Атырау облысында полицейлердің екі мәрте ескертуін елемеген жүргізуші жол апатына түсті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші мен бір жолаушы көз жұмып, үш адамға медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Kazinform

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол-көлік оқиғасы бүгін, 2 қаңтарда болған.

«Бүгін жергілікті уақытпен сағат 08:30 шамасында Toyota Alfhard автокөлігі аударылды. Жол апатын республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 426-шақырымы тұсында болды. Көліктің рулінде болған 1993 жылғы жүргізуші басқару жүйесін игере алмай қалған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан көлік жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Ал 3 жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, аталған автокөлік жүргізушісіне Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері екі рет ескерту жасаған. Бірінші рет аудан орталығы – Миялы ауылының тұсында ескерту берген. Кейін Сағыз ауылының маңында орналасқан бекетте тағы бір ескерту жасаған.

Алайда полиция қызметкерлерінің ескертуін елемеген жүргізуші жол апатын жасап, өзінің және тағы бір жолаушының көз жұмуына себепкер болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде