Жәнібек Әлімханұлы құрметті боксшылар тізіміне енді
Бокс туралы жаңалық тарататын CFSportsClub Х (Twitter) аккаунты жаңа жылда назар аударатын боксшылар тізімін жариялады.
Фото: ©instagram.com/janibek_alimkhanuly
10:41 03.01.2024
CFSportsClub нұсқасы бойынша, 2024 жылы спорттағы жолын қадағалап, үміт артуға болатын үздік 5 боксшы: қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) және АҚШ-тың төрт өкілі: Дэвид Бенавидес (28-0, 24 КО), Джерон Эннис (31-0, 28 КО), Флойд Скофилд (16-0, 12 КО) және Брюс Кэррингтон (10-0, 6 КО).
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы — WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.
Қазақстандық боксшы бұған дейін 2024 жылы 160 фунт дивизионында абсолютті әлем чемпионы болуды жоспарлап отырғанын бірнеше рет айтқан болатын.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!