Алматыда ит иесін пышақ ала жүгірген адамнан қорғап, өзі өлді
Алматыда ит пышақпен шабуылдаған ер адамнан иесін құтқарып қалды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: polisia.kz
12:49 03.01.2024
Әлеуметтік желіде Алматыда белгісіз біреу итімен серуендеп жүрген ер адамға пышақпен шабуыл жасағаны туралы ақпарат пайда болды.
Алматы қалалық Полиция департаменті Алмалы аудандық полиция басқармасының ҚК-тің 316-бабы 2-бөлігімен (жануарларға қатыгездікпен қарау) қылмыстық құқық бұзушылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап жатқанын мәлімдеді.
Күдікті - 1987 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды.
«Күдікті иттің иесі екеуінің арасында туындаған жанжалдан соң, үй жануарын өзіне қарсы жібергенін және өзін қорғауға мәжбүр болғанын айтты. Оқиғаның объективті мән-жайлары қосымша тергеу барысында анықталатын болады», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!