Қазақстан шекарасында 35 мың адам ұсталған
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметі жылды қорытындылады, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Мухтар Холдорбеков/Kazinform
15:03 03.01.2024
Шекара кеңістігінде Қазақстан заңын бұзған 35 487 адам ұсталған, соның ішінде 1094 шетел азаматы бар.
Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз нәрсе өткізудің 8 026 фактісі тіркелді.
Оның ішінде:
- 444 — есірткі, жалпы салмағы 1 тоннадан астам;
- 389 — қару-жарақ пен оқ-дәрі (36 дана ату қаруы, 986 дана оқ-дәрілер, 4 001 дана суық қару, 125 арнайы құралдар);
- 279 — діни әдебиет (7 103 дана);
- 3 112 — жалпы сомасы 213 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (429 107 литр);
- 2 986 — жалпы сомасы 12,4 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
- 816 — жалпы сомасы 11,7 млрд теңгеден астам валютаны заңсыз алып өту фактісінің алды алынды.
- Каспий акваториясында 384 браконьерлік фактісі тіркелді.
Сондай-ақ жалпы ұзындығы 738 км браконьерлік аулау құралдары, 3 463 дана (20 276 кг) бекіре балығы, 45 332 дана (67 899 кг) ұсақ балық, 23 250 дана (10 238 кг) шаян тәркіленді.
Алды алынған залал сомасы — 7 млрд теңгеден асады.
Бұл фактілер бойынша материалдар құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!