Алматыда Ботаникалық баққа билеттер қымбаттады
Алматыда 1 қаңтардан бастап ботаникалық баққа кіру билеті қымбаттады.
Фото: Ботаникалық бақтың Instagram парақшасы
16:56 03.01.2024
Бұл туралы ботаникалық бақтың баспасөз қызметі мәлім етті.
«2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бас ботаникалық баққа кіру үшін қосымша 24,20 теңге төлеу керек. Себебі, ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін әрбір келуші төлеуге тиіс салық көлемі өсті», - делінген хабарламада.
Енді ботаникалық баққа кіру кезінде ересектер — 874,20 теңге, зейнеткерлер мен мектеп оқушылары — 527,20 теңге, студенттер — 709,20 теңге төлейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!