{metadescription}
Ақмола облысында 15 көлік жол апатына ұшырады

Ақмола облысында 15 көлік жол апатына ұшырады

Ақмола облысында Астана-Петропавл тасжолының бойында 15 көлік соқтығысты. Тәртіп сақшылары болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Өңірлік Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 2 қаңтар күні Астана – Петропавл тасжолының 216-шы километрінде болған. Оқиға туралы хабар Бурабай ауданының полиция бөліміне сағат 15:53-те түскен.

«Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері бір мезгілде 15 шақты көліктің апатқа ұшырағанын анықтады. Құрбан болғандар жоқ. 37 жастағы ер адам, 33-тегі әйел және 9 жасар бала түрлі жарақаттарымен Макинск ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендер ештеңеге шағымданбады»,-делінген ведомство хабарламасында.

Полиция қызметкерлері Mitsubishi көлігінің иесі 69 жастағы әйелге, Suzuki Vitara көлігінің 34 жастағы жүргізушісіне ҚР ҚК-нің 610 бабы (Көлік жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зардабын тигізіп, көлік немесе өзге мүлкін бүлдіруге алып келген жол ережесін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде