Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы тағайындалды
Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы тағайындалды. Бұл қызметке Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы келді.
Фото: Қызылорда облыстық әкімдігі
12:20 04.01.2024
Қ. Сәрсенбаев Қызылорда облысы Сырдария ауданында 1961 жылы дүниеге келген.
Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын «Инженер-гидротехник», Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ұйымдастырушы-экономисі», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономист-бухгалтер», Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы Сырдария су шаруашылығы басқармасының инженері ретінде бастаған. Әр жылдары осы басқармада аға инженер, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.
1986-1997 жылдары Сырдария ауданында түрлі басшылық қызметте болды.
1997-2013 жылдары Қызылорда облысының қаржы басқармасының басшысы, Сырдария ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппаратының экономика және нарықтық қатынастар бөлімінің меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды.
2013-2020 жылдары Шиелі және Жалағаш аудандарының әкімі болып еңбек етті.
2020-2023 жылдары Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшының орынбасары болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!