{metadescription}
Баянауылда жер астына түсіп кеткен автобус: Екі адамның денесі табылды

Баянауылда жер астына түсіп кеткен автобус: Екі адамның денесі табылды

Қаза тапқан екі адамның денесі табылды. Ақпаратты кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің республикалық орталық штабы растады. Опырылып түскен автобус әлі табылған жоқ, деп хабарлайды Kazinform.

Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. 

«ТЖД құтқарушылары қаза тапқан екі адамның денесін құмнан тапты. Оларды жер бетіне көтеру жұмыстары жүргізілуде. Автобус табылған жоқ, оны іздеп жатырмыз» деп түсіндірді кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің республикалық орталық штабынан.

Орталық штаб қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, бүкіл қажетті қолдауды көрсетуге уәде берді.

Еске салда кетсек, бүгін түнде Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы «Майқайың-алтын» АҚ шахтасының жанында топырақ опырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.