{metadescription}
Орал кафесіндегі жарылыс: Жарақат алғандардың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр

Орал кафесіндегі жарылыс: Жарақат алғандардың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр

Орал қаласындағы кафеде болған жарылыс кезінде жарақат алғандардың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, зардап шеккен 5 адам Оралдағы көпбейінді қалалық ауруханада дәрігерлік бригаданың көмегін алуда.

«Екі ер адам және екі әйел адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бір ер адам травматология бөлімінде. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысының әкімі мәселені бақылауда ұстап отыр. Әкім түнде жарылыс орнында болып, облыстық төтенше жағдай департаментіне және денсулық сақтау басқармасына тиісті тапсырма берді» деп хабарлады ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде