{metadescription}
Атыраудағы каналдан 519 келі өлі балық жиналып, 2 300 тірі мөңке құтқарылды

Атыраудағы каналдан 519 келі өлі балық жиналып, 2 300 тірі мөңке құтқарылды

Атырау облысындағы Тұзды көліне құятын каналдан 519 келі өлі балық жиналды. Ал, 2 300 дана тірі мөңке Жылыой ауданындағы Қамыскөл көліне жіберілді, деп хабарлайды Kazinform.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 2 қаңтарда каналда мөңке балығының қырылғаны анықталған. 

«Балықтың қырылу себебін анықтау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Топ құрамына Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы, Атырау облысы бойынша Экология департаменті, Жылыой ауданының прокуратурасы мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері енгізілді. Жұмыс тобының мүшелері 2 қаңтарда балық қырылған каналға барып, тексеру жүргізді. Зертханалық талдау жүргізу мақсатында өлген балық пен канал суынан сынама алынды. Каналдан 3 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 18:00-ге дейін 519 келі өлі балық жиналды. Ал, 2 300 дана тірі мөңке Жылыой ауданындағы Қамыскөл көліне жіберілді», -деп хабарлады инспекцияның баспасөз қызметі. 

Мамандардың түсіндіруінше, алдын болжамға сәйкес, мөңке балығының қырылуына оттегінің жетіспеуі себеп болуы мүмкін. Өйткені, ауа температурасы төмендеп, каналда мұз қатқан. 

«Зертханалық талдаулардың қорытындысымен балықтың қырылу себебі анықталады. Талдау нәтижесі туралы қосымша хабарланады», - деп мәлім етті инспекцияның баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, Тұзды көліне құятын каналдың ұзындығы – 3 шақырым. Бұрын мұнда балықты құтқару жұмысы қолға алынбаған. Канал арқылы Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласын көктемгі тасқыннан қорғау үшін артық су Тұзды көліне жіберіліп келген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде