Орал кафесіндегі жарылыс: оқиға орнынан үшінші адамның денесі табылды
Орал кафесіндегі жарылыс орнынан үшінші адамның денесі табылды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: БҚО ТЖД/видеодан алынды
17:24 04.01.2024
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, апаттық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
«Жұмыс құлаған конструкция санының көп болуына байланысты қиындауда. Оқиға орнында ғимараттың қиындылары құтқарушылардың өміріне қауіп төндіріп отыр. Ғимаратты толықтай қирату жұмыстары жүргізіліп жатыр. БҚО ТЖ департаменті, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштерінен барлығы 190-нан аса адам және 50 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында зардап шеккендер мен қайтыс болған адамдардың туғандарына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желінің жұмысы жалғасып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!