Қызылорда облысы Жұмылдыру дайындығы басқармасына басшы тағайындалды
Облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының Жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысы қызметіне Марат Құрманбаев тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі
20:33 04.01.2024
М.Құрманбаев 1963 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтын «Гидромелиорация» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын «Қызылордаводстрой» ПМК-29 тресінде жұмысшы болып бастаған.
Әр жылдары осы тресте түрлі қызмет атқарған. 1990-2000 жылдары Жалағаш ауданының табиғат қорғау комитетінің маманы, жетекші маманы, басшысы болған.
2000-2020 жылдары Қызылорда облысының Экология департаменті басшысының орынбасары, департамент басшысы қызметтерін атқарған.
2020-2022 жылдары Жамбыл облысының Экология департаментінің басшысы лауазымында болды.
2022 жылдың маусым айынан бері Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!