Қырғызстан аумағында 4 балдық жер сілкінісі болды
5 қаңтар Алматы уақытымен түнгі 00:51 кезінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: assicuraci.it
09:13 05.01.2024
Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген. Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 404 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болған.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 9.2. MPV магнитудасы — 4.1. Тереңдігі — 10 шақырым.
«MSK-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында сезілген жоқ», — делінген кезекші оператордың хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!