Астанада адам ұрлаған топтың қылмысы әшкереленді
Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратура тергеуді анықтағаннан кейін А.Е. Әшімов, А.В.Алексеев, Н.Н. Шаймарданов және А.Н. Бапановты әшкереледі, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Антикор
13:17 05.01.2024
"Олар алдын ала сөз байласып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Азаматты ұрлаумен қатар, есірткі заттарын сақтап және қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп бопсалаған. Сондай-ақ 1,4 млн теңгеден астам сома мүлкін иемденген.
Топтың барлық қатысушысы соттың санкциясымен қамауға алынды", - деп жазды Антикордан.
Қазіргі уақытта олардың ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Осы адамдардың құқыққа қайшы қызметі туралы ақпаратыңыз болса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарлауды сұраймыз.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!