Солтүстік Корея 200 снаряд ұшырып, Оңтүстік Кореяға шабуыл жасады
ҚХДР Оңтүстік Кореяға 200 снаряд ұшырды. Оңтүстік Корея билігі эвакуация жариялады. Бұл туралы Kazinform хабарлайды.
Фото: Pixabay
13:48 05.01.2024
Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен шекараға жақын маңға 200-ден астам артиллериялық снаряд ұшырды, оңтүстіккореялық екі арал тұрғындарына эвакуациялалану туралы бұйрық берілді, деп хабарлады Сеул.
Оңтүстік Корея мұндай әрекет бейбітшілікке қауіп төндіретінін ескертіп, жауап қайтаруымыз мүмкін деп қорқытты.
«Бүгін 9.00-ден 11.00-ге дейін Солтүстік Корея әскері Пэннёндо аралының солтүстік бөлігіндегі Чансан-гот ауданы мен Ёнпхёндо аралының солтүстік бөлігіндегі аудандарға 200-ден астам оқ жаудырды», — деп мәлім етті брифингте Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің өкілі.
БАҚ хабарлауынша, снарядтар екі ел арасындағы шекара саналатын Солтүстік шектесу сызығы ауданындағы Сары теңізге түскен.
«Бұл — Корея түбегіндегі бейбітшілікке қауіп төндіретін арандату амалы. Солтүстік Корея шиеленіске толықтай жауапты, біз бұл әрекеттерді дереу тоқтатуға шақырамыз», — деп толықтырды Корея Қорғаныс министрлігі.
2010 жылғы қарашада Пхеньян Ёнпхёндо аралына 170 артиллериялық снаряд ұшырып, төрт адам, оның ішінде екі бейбіт тұрғын қаза тапқан болатын.
Бұл — Корей соғысынан бергі уақытта ҚХДР-дің бейбіт аудандарға жасаған алғашқы шабуылы болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!