Петропавлда 14 жасар оқушыны зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
Петропавлда 28 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Pixabay
14:02 05.01.2024
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Күдікті Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы 1-бөлігі (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалды сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша тіркелді.
Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!