{metadescription}
Ақтөбеде түнгі рейд кезінде жасөспірімдерден пышақ пен бита табылды

Ақтөбеде түнгі рейд кезінде жасөспірімдерден пышақ пен бита табылды

Ақтөбе полициясы түнгі рейд кезінде 70-ке жуық жасөспірімді бөлімшеге жеткізді. Олардан пышақ, бита мен ойыншық тапанша табылды, деп хабарлайды Kazinform.

Ақтөбенің ювеналдық полиция қызметкерлері екі күн түнгі рейдке шығып, 70-ке жуық жасөспірімді бөлімшеге жеткізді.

Оның көбі тұрғын үйдің ауласында, компьютерлік клубтар мен көшеде ата-ана қарауынсыз жүрген.

— Олардан 2 пышақ, бір бита, 1 газ баллоны және шын қаруға ұқсас ойыншық тапанша тәркіленді. 16 жастағы колледж студентінен жиналмалы пышақ тәркіленді. Тағы бір колледж студенті бита алып жүр. Полицейлер кәмелетке толмағандардың ата-аналарын және оқу орындарының басшылығын полиция бөліміне шақырып, оларға түсіндіру жұмысын жүргізді, — деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Заң бойынша сағат 23:00–ден кейін балаларын бақылаусыз жіберген ата-аналар әкімшілік жауапқа тартылып, 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

— Кейде ата-аналар бізге ренжиді. Олар «одан да қылмыскерлерді неге ұстамайсыңдар» деп шу шығарады. Кәмелет жасқа толмаған бала кез келген уақытта өзге ортаға түсіп, шуға бой алдыруы мүмкін. Біздің мақсатымыз — балаларды қорғау, — деді Ақтөбе қаласы ПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы Ботакөз Жалекешева.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде