{metadescription}
СҚО-да газ баллоны жарылып, бес тұрғынды күйік шалды

СҚО-да газ баллоны жарылып, бес тұрғынды күйік шалды

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Меңгесер ауылындағы тұрғын үйде 5 литрлік газ баллоны жарылып, бес адамды күйік шалды, деп хабарлайды Kazinform.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 4 қаңтар күні сағат 15.00 шамасында болған. Мамлютка қаласындағы №15 өрт сөндіру бөліміне хабар түсісімен оқиға орнына өрт сөндірушілер, құтқарушылар, полиция және жергілікті атқарушы орган өкілдері жетті. 

Газ баллонның жарылуынан үйдің төбесі жартылай құлап, қабырғалары зақымданған.

Жарылыс кезінде үйде болған бес адам: 1970, 1979, 1977 жылы туған ер адамдар және 1966 жылғы әйел, 2007 жылғы қыз түрлі күйікпен ауруханаға жеткізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде